Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№15 мектеп-лицейі

Мектебімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында ұлттық салт-дәстүрлеріміз дәріптеліп, оқушылар мен ұстаздар мерекелік бағдарламаға белсене қатысты. Ұлттық ойындар ойнатылып, ән мен күй орындалып, қазақ халқының бай мәдениеті мен рухани құндылықтары насихатталды.

Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың, береке мен бірліктің бастауы. Осындай тағылымды іс-шаралар өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, елжандылыққа тәрбиелейді.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әр шаңыраққа құт-береке, бақ-дәулет әкелсін!