Д.И. Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейі — білім беру саласында қалыптасқан дәстүрі мен заманауи оқыту тәсілдерін ұштастырып келе жатқан білім ордасы.
Мектеп ғимараты 1967 жылы салынған. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 19Г.
Мектеп-лицейде оқушылардың сапалы білім алуына, зияткерлік, шығармашылық және тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағытталған қолайлы білім беру ортасы қалыптастырылған. Тәжірибелі педагогтер заманауи білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды.